Азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

  • мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары:

"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" КМҚК:

Заңды мекенжайы-Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, 69 А ғимараты, анықтама телефоны: (872156) 54970,,

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

  • негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:

 

  1.    Қазақ тілінде оқытатын тәрбиеші - 1 педагог
  2. Музыкалық жетекші-1 педагог

 

  2.1. Тәрбиешінің функционалдық міндеттері

 

 Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді. Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады. Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды. Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды. Мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

 

Музыкалық жетекшінің функционалдық міндеттері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді. Ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

 

2.2. Жалақы           

 

Сілтеме, қадам

Қызмет еткен жылдарына байланысты

min

max

В2-1

158282

182044

В2-2

147550

172845

В2-3

146401

172460

В2-4

134905

160582

В3-1

151384

173230

В3-2

142850

168250

В3-3

140652

164415

В3-4

127652

142955

 Төлем шарттары

Айлық жалақының мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады

  • біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

 тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды

Білуге тиіс:

  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілері;

      Психология және педагогика, дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.

 

  • құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" КМҚК әлеуметтік желілердің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

 

  • қажетті құжаттар тізбесі:

 

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәлік көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда)

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175-2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;(egov)

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; (egov)

9) соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама; (egov)

10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда)

11) ҰБТ сертификаты немесе педагог - модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.

12) вакцинация паспорты.

 

      6) құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" КМҚК:

Заңды мекенжайы-Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, 69 А ғимараты, анықтама телефоны: (872156) 54970,

     E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға: конкурстық комиссия хатшысы Базарова Қарлығаш Даниярбекқызы